Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Спорт саласындағы басшыларымыз өз ұлттық ерекшелігімізден қашады": Мұрат Әбенов Олимпиада формасына қатысты сын айтты

13:04, 15 шілде 2024 740
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов олимпиада формасына қатысты пікір білдірді деп, хабарлайды Alash.KZ.
"Олимпиада формасы әр мемлекеттін ұлттық ерекшелігін көрсету керек. Бүкіл әлем көрермені эфир арқылы тамашалайды, естерінде қалады. Дұрыс дайындалса - тарихы терең, өз мәдениетіне, өз ұлттық қасиетіне құрметпен қарайтын бірлігі мол, тату ел екен деген пікір қалыптасады. Сол себептен ең мықты сүретшілер, дизайнерлер, этнографтар , тарихшылар қатысып ұсыныс беру керек" дейді Әбенов.
 
Қоғам қайраткерінің айтуынша, мәселені ортақ келісім арқылы шешкен дұрыс.
"Моңғол елінің олимпиада комитеті керемет! Өздеріне тән киім үлгісін жасаған. Оларда 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Моңғолия құрамасына арналған киімді апалы-сіңлілі Чойгаалагийн Янжиндулам (Мишель) және Нямкханд (Амазонка) жобалаған. Бұл отбасылық бренд 2013 Michel&Amazonka деген атаумен құрылған. Ұлттық нақышты негізге алған талантты қыздардың туындылары сол кезден танымалы болып, 2014 жылы «Ең жақсы сән дизайны Asia Fashion Awards» сыйлығын алды" дейді жазба авторы.
Әбеновтың айтуынша, апалы-сіңлілердің отанында бұл бренд «Моңғол Chanel» деген салыстырма атаумен әйгілі.
"Ал біздің спорт саласындағы басшыларымыз өз ұлттық ерекшелігінен қашатын сияқты. Федерациялар басқа тілде сөйлейді, спортшыларды сырттан алып келеді, миллиартаған қаржыны шет елдің жаттықтырушыларына төлейді, ұлттық құраманың бас бапкері ұлттық тілге қарсы шықты. Олардаң отансүйгіштік қасиетті күтү қиындау. Сол себептен Қазақ құрамасының олимпиада формасында мүлдем қазақтың ұлттық ерекшелігі жоқ.
Жеке компаниялардың жарнамасын жүргізетін қызметкерлеріне ұқсас. Оны ұялмай Ақ ордаға апарған" деп ашынады Әбенов.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар