Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Спорт әлемі қара жамылды: Танымал футбол ардагері көз жұмды (ФОТО)

21:27, 24 қыркүйек 2025 339

59 жасқа қараған шағында қазақ футболының танымал ардагері Біржан Бакизов Минск қаласында көз жұмды, деп жазады Alash.kz.

Бакизов алматылық футбол мектебінің өкілі ретінде спорт саласына айрықша үлес қосқан. Ол футзалдан жаттықтырушы болып, Жоғары лигадағы «Ансар» клубының жетекшісі қызметін атқарған. Кейін Ұлттық футбол лигасында еңбек етіп, ел Бірінші лигасының ұйымдастырылуына жауапты болды. Сондай-ақ ұзақ жылдар бойы Қазақстан футзал чемпионаты мен Кубогында ҚФФ инспекторы ретінде жұмыс істеген.

Ардагер спортшы бауыр циррозына байланысты ем қабылдап жүрген Минск қаласында дүние салды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Джеки Чан Алматыға келді

10:27, 25 қыркүйек 2025 144