Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сотты “дуалаған” емшіге қатысты сұмдық ақпарат белгілі болды

18:30, 19 маусым 2025 681

Сотты «дуалап» тастаған шымкенттік емші Таңшолпан Ұзақоваға қатысты тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды ALASH.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін адамдарды қобызбен емдейтін балгер өзіне соттылық бойынша көмек сұрап, жүгінген әйелдің мәселесін бір күнде шешіп тастағанын айтқан.

Әйел сот болардың алдында емшіге барып, дұға оқытқан. Содан кейін судьяның шешімі аяқ асты өзгергенін баяндаған.

«21 мамырда сот болды. Сотта маған қарсы адамдарды тіпті танымай қалдым. Үндері өшіп қалған. Соттың өзі маған тіке қарай алмай қалды. Адвокаттар жақтап, жақсы жағынан шешілді. Енді 29-да тағы бір сот болады. Ақталып шығамыз, рахмет сізге», - деген еді ол.

Осыған байланысты Azattyq Rýhy редакциясы Шымкент қаласы полиция департаментіне сауал жіберген еді.

«Полиция мән-жайлар бойынша тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барлық мән-жайлар жан-жақты тексерілгеннен кейін, соның қорытындысы бойынша тиісті заңды шешім қабылданады», - деп жауап берді олар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар