АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-қа есірткі жеткізетін кез келген елге соққы беруіне дайын екенін мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Трамптың айтуынша, кокаин өндіретін зауыттар Колумбия елінде орналасқан.
«Мен Колумбия кокаин өндіреді деп естідім. Оларда кокаин шығаратын зауыттар бар, түсінікті ме? Сосын оны бізге сатады. Біз, әрине, оны “өте бағалаймыз”. Бірақ осы іспен айналысып, оны елімізге сататын кез келген тарапқа соққы жасаймыз. Біз олардың көзін жоямыз», – деп ескертті Дональд Трамп.