Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сол кезде Тұңғышбай ағамыздан бәрі теріс айналды". Әнші Бағлан Әбдірайымов Тұңғышбай Жаманқұлов жайлы пікір білдірді

15:05, 29 қараша 2024 730

Елге танылған әнші, «Жігіттер» квартетінің белді мүшесі Бағлан Әбдірайымов Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты жазба жариялап, өнер иесіне басына түскен ауыр жағдайды еске алды, деп хабарлайды Alash.KZ.

Әнші Жаманқұлов жайлы жазбадан кейінгі сәттерді суреттеді. Оған біраз адам хабарласып, жазбаны алып тастауын бұйырған:

«Тұңғышбай ағамыздың басында қиындық болған кезде шәкірттері, әріптестері, жалпы танымал адамдар ешқандай қолдау білдірген жоқ. Мен үйде жатып, Мұхтар Шахановтың бір өлеңін оқып қалдым. Бір қатарын алып, Instagram-дағы парақшама жүктеп қойдым. Астына "Түйені түгімен жұтып жатқан кісілер бар. Біз үшін хан бейнесінде қалыптасып қалған осындай тұлғаларымыз басына іс түсіп жатқан кезде қолдау бермей жатырмыз" деп жаздым. Қаражат жымқырды ма, жоқ па?! Оған менің қатысым жоқ. Бірақ егер қаржылай қолдау керек болса, осындай тұлғаларымыздың сөзін сөйлеп, ел-жұрт болып жинап берейік деп айттым. Бұл жазбамнан кейін бірнеше қоңыраулар түсті. Бәрі жазбамды өшіріп тастауды ұсынды. Бірақ мен өшірмедім», – деді әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар