Атырауда соғыс кезінде концлагерь тұтқыны болған Екатерина Абсатыроваға 1 млн теңге беріледі. Бұл туралы Alash.kz kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай оған 1 млн теңге біржолғы көмек беріледі.
Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әлфия Төлеғариеваның мәліметінше, Жеңіс күніне орай ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсету көрсету көзделіп отыр.