Ақтөбеге шұғыл қонған ұшақ бортында жолаушы әйел көз жұмды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Бүгін сағат 12:40-та Екатеринбург-Сочи бағыты бойынша Boeing-777 ұшағы Ақтөбе халықаралық әуежайына шұғыл қонған.
«Оған борттағы жолаушылардың бірінің денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған. Қонғаннан кейін әуе кемесіне жедел әрекет ету қызметі мен медициналық бригада шұғыл жөнелтілді», - делінген әуежайдың хабарламасында.