Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Сіздердің қолдауларыңызға сенім артамыз”. Ұлыбритания билігі Украинаға көмектесетінін мәлімдеді

21:15, 02 наурыз 2025 745

Ұлыбританияның премьер-министрі Кир Стармер Лондонда Украина президенті Владимир Зеленскийді қабылдап, Украинаға қолдау көрсететіндерін мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

- Келіссөздер барысында біз Украина мен бүкіл Еуропаның алдында тұрған сын-қатерлер, серіктестермен үйлесімді әрекет, Украинаның ұстанымын нығайту және соғысты әділетті әрі бейбіт жолмен аяқтауға бағытталған нақты қадамдар, қауіпсіздіктің сенімді кепілдіктері туралы мәселелерді талқыладық.

Біз сіздердің қолдауларыңызға сенім артамыз, – деп жазды Владимир Зеленский өзінің Telegram парақшасында.

Украина әскерін қолдау үшін Лондон Киевке 2,74 млрд еуро несие берді. 

 - Ұлыбритания сіздерді толық қолдайды. Біз Украинаны қанша қажет болса сонша қолдаймыз. Украинаның егемендігі мен қауіпсіздігіне негізделген тұрақты бейбітшілік Украина үшін ғана емес, Еуропа мен Біріккен корольдіктер үшін де маңызды.

Сізді және Украина халқын қолдаған адамдардың қуанышты дауысын естіген боларсыз, - деді Кир Стармер өзінің резиденциясы алдында Украинаны қолдайтын плакаттармен жиналған адамдарды нұсқап.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар