Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Сіз одақтастығымызды нығайттыңыз". Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады

14:49, 17 мамыр 2025 126

Ресей президенті Владимир Путин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады. Құттықтау Кремльдің ресми сайтында жарияланды.

- Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Біз Сіздің мемлекеттеріміздің арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз.

Бұл қарым-қатынастар бауырлас Ресей мен Қазақстан халықтарының игілігі, еуразиялық кеңестікте қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында алдағы уақытта да жемісті жалғасын табатынына сенімдімін. 

Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізге шын жүректен денсаулық, игілік пен мемлекет болашағы жолындағы қызметіңізге сәттілік тілеймін. Құрметпен, Владимир Путин, - делінген Ресей президентінің құттықтауында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар