Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Сирек араласатын…”: Бердібек Сапарбаевтың ұлы марқұм әкесіне әсерлі жазба арнады

17:46, 28 желтоқсан 2025

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері марқұм Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жансұлтан Сапарбаев желідегі парақшасында әкесіне арнап жантебірентерлік жазба жариялады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Әкем менің шешімдеріме сирек араласатын. Артық сұрақ қоймайтын. Шешім шығаруға асықпайтын. Менің әрекеттеріме мән беретін. Менің жауапкершілігіме қарайтын. Сөзімде тұрам ба, айналамдағы жандарды қалай таңдаймын - соған назар аударатын. Оған менің сөзім емес, қалай өмір сүргенім маңызды болды.

Оның бұл әрекетін тек өзім әке болған кезде ғана түсіндім. Кейде үздік тәрбие - таңдау жасауға кедергі келтірмеу.

Әке әрқашан қолыңнан ұстап жүрмейді. Кейде ол жаныңда тұрып, өзің жүруге қауқарың бар ма деп қарап тұрады", - - деп жазды Жансұлтан Сапарбаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар