Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шын ақынды «сорлы еркек» атандырған: Теменовтен кейін Мақатаевқа Имашев өлең арнады

12:06, 07 қазан 2024 857
 

Атышулы блогер Әлішер Теменовтің ақын Мұқағали Мақатаевқа қатысты даулы видеосынан кейін айтыскер Балғынбек Имашев арнайы өлең шығарып, ақынның рухынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Alash.KZ turkystan.kz сайтына сілтеп. 

Кешір бізді, уа, Мұқа, айыптымыз,

Қуып кеттік ақша мен хайпты біз.

Тазалауға қоғамды немқұрайлы,

Жазалауға бәріміз лайықтымыз!

«Жас қайың» боп мың көктеп, мың солдыңыз,

Құнсыз ба еді мисызға мұнша орныңыз?

Шын ақынды «сорлы еркек» атандырған,

Әрқайсымыз – шарасыз шын сорлымыз!

Кешір бізді, кешірші, ақын Мұқа!

Желіде отыр кіл дана, батыр, бұқа.

Ақша адамды аздырып айуан қылды,

Қалта қалың болса да ақыл жұқа, – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасына.

Айта кетсек, блогер Әлішер Теменов сол даулы видеосынан кейін Мұқағали Мақатаевтың ескерткішінің алдына барып, тізерлеп кешірім сұраған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?