Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкенттік дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді аман алып қалды

Шымкенттік дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді аман алып қалды

Шымкенттік дәрігерлер жүкті әйелді аман алып қалды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, шымкентте тұратын жүкті әйел шұғыл №2 қалалық аурухананың перзентханасына жеткізілген. Ол қатты қан кетумен, 3-ші дәрежелі геморрагиялық шок жағдайында келіп түскен екен. 

“Операциялық үстелде оның жүрегі тоқтап қалды, бірақ құрамында анестезиологтар, акушер-гинекологтар, операциялық мейіргерлер, трансфузиологтар бар дәрігерлер тобы жүрек-өкпе реанимациясын сәтті жүргізді. Негізгі өмірлік функцияларын қалпына келтіргеннен кейін қан кетуді тоқтату операциясы жүргізілді және дәрігерлер бригадасының үйлесімді және жоғары білікті іс-қимылдарының арқасында  пациенттің өмірін сақтап қалды”, – делінген хабарламада. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар