Шымкентте жолға таласқандар арасында төбелес болып, 60 жастағы ер адам пышақ жарақатын алды, деп жазады Alash.KZ
Оқиға 16 сәуірде кешке болған.
Куәгердің айтуынша, мас күйдегі бір топ ер адам өзара жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқан.
Салдарынан 60 жастан асқан ер адамға пышақ жарақаты салынған.
"Осы іске қатысты күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді полиция департаменті.
Полицияның мәліметінше, қатысушылар арасында дау көлік қозғалысына кедергі келтіруге байланысты туындаған.