Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымбұлақта бір топ шетелдік курорт қызметкерлерін соққыға жықты (Видео)

17:59, 03 ақпан 2025 225

Шымбұлақта шетелдіктер курорт қызметкерлерімен жанжалдасып, соңы төбелеспен аяқталды, деп жазады Alash.KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша, “Шымбұлақ” базалық стансасында шетелдіктер курорт қызметкерлеріне шабуыл жасаған.

Оқиға 1 ақпан күні кешкі уақытта болған. Шаңғы курорты әкімшілігінің мәліметінше, бір топ шетелдік мас күйде сол жердегі адамдардың мазасын алған. Кейін шаңғы мектебінің қызметкерлерімен жанжалдасқан.

Мәліметтерге сүйенсек, шетелдіктердің біріне қолы босамай тұрған кассирді ұзақ күткені ұнамай қалған. Әуелі қызметкермен сөзге келіп, сосын көшеде алыса кеткен. Қызметкерлер полиция шақырған.

“Тәртіп бұзғандарды тәртіп сақшылары алып кетті. Оқиғаға байланысты дереу ішкі тексеріс жүргізіліп, белгіленген қауіпсіздік стандарттарына сәйкес қажетті шаралар қабылданды”, - деп хабарлады Шымбұлақ әкімшілігі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар