Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шығыс Қазақстанда 18 жастағы қыз өзін боқтаған әкесін сотқа берді

19:55, 15 ақпан 2025 518

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында 18 жастағы қыз өзін боқтаған әкесін сотқа берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы ШҚО сотының баспасөз қызметіне сілтеп.

Мәліметте нақтыланғандай, Тарбағатай аудандық сотында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 1-бөлігімен іс қаралған.

Белгілі болғандай, ер адам 23 қаңтарда үйде бір бөтелке арақ ішіп, өзінің туған қызына былапыт сөздер айтқан.

18 жастағы қыз бұл туралы Тарбағатай аудандық полициясына хабарлады. Тексеру барысында айыпталушының "аса ауыр" алкогольдік мас күйде бола тұра, қызына жанжал шығарып, әдепсіз сөздер айтып, оның тыныштығын бұзғандығы анықталған. Соттың қаулысымен ер адам кінәлі деп танылды. Ол ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген ақпаратта.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар