Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл! Танымал қазақстандық блогерге іздеу жарияланды

21:53, 11 қаңтар 2026

Танымал қазақстандық блогер Қайсар Қамзаға іздеу жарияланды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Тиісті ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған.

Мәліметке сәйкес, 1995 жылғы 18 қыркүйекте туған Қамза Қайсар Бақытжанұлына іздеу 10 қаңтар күні тіркелген. Іздеу шараларын Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта іс бойынша өзге ақпарат жарияланған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар