Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл! “Соғыс мәресіне жетті!” - ХАМАС Израильмен қақтығыс туралы мәлімдеме жасады

10:54, 10 қазан 2025 203

Газадағы көпжылдық қантөгіс пен шиеленістен кейін Таяу Шығыста бейбітшіліктің алғашқы үміті пайда болды. ХАМАС қозғалысы ресми түрде Израильмен соғыстың тоқтағанын мәлімдеді, деп жазады Alash.kz.

Ұйымның келіссөздер жетекшісі Халиль әл-Хайяның айтуынша, АҚШ пен халықаралық араағайындар ХАМАС-қа атысты тоқтату туралы келісімнің алғашқы кезеңі “Газадағы соғыстың түпкілікті аяқталуын” білдіретіні жөнінде кепілдік берген. Бұл жаңалықты алғаш болып АҚШ-тың президенті Дональд Трамп хабарлады, кейін ХАМАС өкілдері де растады.

Al Jazeera таратқан мәліметке сүйенсек, келісімнің алғашқы кезеңі тұтқындар алмасуды және Израиль әскерінің Газадан біртіндеп шығарылуын қамтиды. Шартқа сәйкес, Израиль өмір бойына сотталған 250 палестиндікті және қақтығыс басталғаннан бері қамауға алынған 1 700 газалықты босатпақ.

Халиль әл-Хайяның сөзінше, бұл келісім  уақытша тыныштық емес, аймақтағы тұрақты бейбітшіліктің бастауы болмақ. Ол гуманитарлық көмектің жеткізілуіне, шекара өткелдерінің ашылуына және Газадағы өмірдің біртіндеп қалпына келуіне жол ашатынын айтты.

Дегенмен, бейбіт жоспардың келесі кезеңдері әлі талқылану үстінде. Газаны соғыстан кейін кім басқаратыны және ХАМАС-тың болашағы туралы мәселе ашық күйінде қалып отыр. Ұйым қарусыздану талабын әзірге қабылдамаған.

Ал Дональд Трамп өз кезегінде келісімге ресми түрде қатысу үшін Мысырға баруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. “Мен сол жерде болуға тырысамын. Біз мерзімдерді нақтылап жатырмыз, Мысырда қосымша қол қою рәсімі өтеді. Менің атымнан алдын ала қол қойылған, енді ресми рәсім болады”, - деді АҚШ президенті.

Бұған дейін Газада Израильмен келісім жасалғаннан кейін де бірнеше әуе шабуылы тіркелген болатын. Дегенмен, соңғы келісім - екі тарап арасындағы ұзақ жылдарға созылған соғысты тоқтатуға бағытталған тарихи қадам болуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар