Шымкентте 21 жастағы студент бойжеткенді аяусыз өлтірді деген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Alash.kz.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 28 жастағы ер адам қаладан 10 шақырым жердегі ашық алаңқайда жасырынып жүрген жерінен ұсталған. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция өкілдері іздеу шараларының қалай өткені туралы мынадай ақпарат таратты:
«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады. Іздеу жұмыстарына қалалық Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Қалаға кіреберіс пен шығаберіс жолдарда бақылау күшейтіліп, жергілікті жерлерді тіту жұмыстары жүргізілді. Күдікті қаладан 10 шақырымдай қашықтықтағы ашық жерде табылып, қолға түсті».