Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл жаңалық: Қазақстан мен Ресей шекарасы бір жылға жабылады

18:50, 23 шілде 2025 792

"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ Қазақстан мен Ресей Федерациясы шекарасындағы "Сырым" автомобиль өткізу пунктін қайта жаңғырту жобасының ресми түрде басталғанын хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Жөндеу және құрылыс жұмыстарына байланысты 2025 жылғы 4 тамыздан бастап аталған өткізу пункті арқылы жеңіл көліктер мен қоғамдық көліктердің өтуі уақытша тоқтатылады. Бұл шектеулер 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады деп жоспарлануда.

Ал жүк көліктері үшін шекарадан өту мүмкіндігі сақталады, бірақ бұл тек электрондық кезек жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Күн сайынғы өткізу мүмкіндігі – 200-250 жүк көлігіне дейін.

Бұған дейін "ҚазАвтоЖол"-дың Батыс Қазақстан облысындағы филиалы жөндеу жұмыстарының басталу мерзімінің кейінге шегерілгенін хабарлаған болатын. Енді нақты мерзімдер бекітіліп, жобаның жүзеге асырылуы жоспарға сай жүргізіледі.

Сапарларын жоспарлап отырған азаматтарға төмендегі баламалы шекаралық өткізу бекеттерін пайдалануға кеңес беріледі:

  1. "Шаған" (ҚР) / "Тёплое" (РФ) – екіжақты, Қазақстан және Ресей азаматтарына арналған. KZ07-01 Орал – РФ шекарасы (Шаған өткізу пункті) автомобиль жолының 33 шақырымында орналасқан;
  2. "Ақсай" (ҚР) / "Илек" (РФ) – халықаралық өткізу пункті. KZ07-04 Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы (Ақсай өткізу пункті) автомобиль жолының 144 шақырымында орналасқан;
  3. "Тасқала" (ҚР) / "Озинки" (РФ) - халықаралық өткізу пункті. KZ07-06 Орал – Тасқала – РФ шекарасы (Тасқала өткізу пункті) автомобиль жолының 104 шақырымында орналасқан.

"ҚазАвтоЖол" барлық жол қозғалысына қатысушыларды сапарларын алдын ала жоспарлауға және балама өткізу бекеттеріндегі көлік ағымының артуын ескере отырып, жолға ертерек шығуға шақырады. Бұл шекарадан уақытында және ыңғайлы өтуге мүмкіндік береді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар