АҚШ президенті Дональд Трамп өзін Венесуэланың президенті деп жариялады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында сурет жариялады.
Жарияланған суреттен Дональд Трамптың өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы ретінде таныстырғанын байқауға болады. Скриншоттың интерфейсі Wikipedia онлайн-энциклопедиясына ұқсас.
Осылайша, Трамп өзін тағы бір «жаңа лауазымға» ие болғанын көрсетіп, 2026 жылдың қаңтарынан бастап Венесуэла президентінің міндетін атқарушы екенін меңзеген.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ресми түрде Делси Родригес Венесуэланың уақытша президенті қызметіне кіріскен болатын.