Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл хабар: Украина, Ресей және АҚШ өкілдерінің кездесетін жері мен талқылайтын мәселесі белгілі болды

10:09, 23 қаңтар 2026

Украина, Ресей және АҚШ өкілдерінің қатысуымен өтетін келесі бейбіт келіссөздер Біріккен Араб Әмірліктерінде ұйымдастырылады, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Давоста АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен кездесуден кейін мәлімдеді. DW басылымының хабарлауынша, үшжақты алғашқы келіссөздер жұма және сенбі күндері Абу-Дабиде өтеді деп жоспарланған.

Ресей тарапы да келіссөздерге қатысатынын растады. Делегация құрамында Ресей Қорғаныс министрлігінің басшылық өкілдері болады.

Зеленскийдің айтуынша, Әмірліктердегі кездесуде аумақ мәселесі де күн тәртібіне шығуы мүмкін, өйткені бұл түйткіл әлі толық шешімін таппаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар