Атырау областық ПД Жангелдин ауылында жоғалған отбасы мүшелері Мирамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевты іздеу жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.
Атырау облыстық ПД-ның баспасөз ққызметі іздеу тек азаматтар табылған кезде тоқтайды деді. Сондықтан іздестіру жұмысы әлі жалғасып жатыр.
Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта бұл жұмысқа ТЖД қызметкерлері араласып жатқан жоқ. Яғни бұл құрылым тарапынан іздеу тоқтаған.
Полиция департаменті қажет болған жағдайда іздестіру жұмысына өзге құрылымдар жұмылдырылуы мүмкін екенін нақтылады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырау облыстық ТЖД Жангелдин ауылында Наурыз Мұқанғалиев пен Мирамгүл Қарабалинаны іздеуге бағытталған іздестіру-құтқару жұмыстары аяқтағанын хабарлаған еді.