Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл хабар: Ақтаудағы жанармай құю станциясында алапат өрт болып, салдарынан екі шетелдікті ауыр күйік шалды

11:39, 07 ақпан 2026

Ақтаудағы жанармай құю станцияларының бірінде болған өрт салдарынан екі ер адам ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді. Бұл туралы  Alash.kz хабарлады.

Өрт жанармай құю бекетінің аумағында шығып, маңайдағы екі гаражды шарпыған. Оқиға кезінде ғимарат ішінде екі шетелдік азамат болған.

Зардап шеккендердің бірінің денесінің шамамен 90 пайызы, екіншісінің 25 пайызы күйік шалған. Екеуі де облыстық ауруханаға жатқызылып, жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Маңғыстау облыстық ауруханасының комбустиолог-дәрігері Самалбек Жұмағұловтың айтуынша, науқастардың жағдайы өте ауыр. Олар 31–32 жас шамасындағы шетел азаматтары. Алғашқы медициналық көмек дер кезінде көрсетілген.

Өрт салдарынан үш автокөлік толықтай жойылып, тағы үш көлік ішінара зақымданған. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар