2022 жылғы қаңтар оқиғаларына қатысы бар деген күдікпен іздеуде жүрген азамат Қазақстанға экстрадицияланды, деп жазады Alash.kz.
Ол қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) ұйымдасқан тобының мүшесі ретінде тергеліп жатыр. Бас прокуратура таратқан мәліметке сәйкес, күдікті 2022 жылдың 5–7 қаңтары аралығында Алматыда болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан. Қанды Қаңтардан кейін ол бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. Үш жылға жуық уақыт бойы жасырынып жүрген оны құқық қорғау органдары Дубай қаласынан ұстаған.
Ауыр айып тағылып отырған азамат Қазақстанға Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Бас прокуратураның бірлескен әрекетімен экстрадицияланды. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда. Оған 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.