Түркияда ауыр жарылыстан 12 адам көз жұмды. Оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болды, деп хабарлайды Alash.kz Bugin.kz сайтына сілтеме жасап.
Түркияда Кавакли ауылында жарылыс болды.
Жарылыс бүгін, 24 желтоқсан күні таңғы сағат 08:25-те болған. Алдын ала ақпарат бойынша, 12 адам қаза тауып, тағы 3 адам жарақат алған.
Қаза болғандар саны артуы мүмкін. Себебі үйінділердің астында қанша адам қалғаны әлі айтылмады.
Мәліметтерге сүйенсек, әскери қару-жарақ шығаратын зауыттың капсула жасайтын цехы жарылған.
Балыкесир губернаторы Исмаил Устаоглу оқыс оқиғадан қаза тапқандардың бәрі жұмысшылар екенін айтты.
“Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс салдарынан 12 жұмысшы мерт болып, үш жұмысшы жараланды. Олар ауруханаға түсті. Өртті сөндіріп жатырмыз”, - дейді өңір басшысы.
Жарылыстан капсула шығаратын цех ғимараты опырылып түскен.