Ауғанстанды басқарып отырған тәліптер өздерінің түсінігіндегі "моральға қайшы құбылыстармен" күрес аясында елдегі интернетті толығымен өшірді. Бұл туралы интернетті бақылаумен айналысатын халықаралық NetBlocks ұйымы хабарлады, деп жазады Alash.kz.
"Ауғанстанда тәліп билігінің мораль нормаларын енгізуі барысында толық интернет-блэкаут орын алды: таңертеңнен бастап көптеген желілер кезең-кезеңімен ажыратылды; телефон байланысы да бұғатталды", – деп мәлімдеді NetBlocks Mastodon.social желісіндегі парақшасында.
AFP халықаралық ақпарат агенттігі Кабулдағы бюросымен байланысын жоғалтқанын, оның ішінде ұялы телефон арқылы да байланыс үзілгенін хабарлады.
Елдің түкпір-түкпірінде мобильді интернет пен спутниктік теледидар да ақауларға ұшыраған. Бұған қоса, Кабулдан түскен ақпараттарға сәйкес, қала әуежайынан ұшақ рейстері тоқтатылған.