Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл: Атырау облысында жоғалып кеткен тұтас бір отбасының балаларын іздеу тоқтатылды

10:00, 17 қаңтар 2026

Атырау облысы, Жангелдин ауылында хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде тұрған Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаны іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина мен 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиевті іздеу ресми түрде тоқтатылған.

Ведомство өкілдері құтқару бөлімшелері облыстық полиция департаментінің ресми сұранысы негізінде жұмылдырылғанын және елді мекен аумағын тексеруге көмектескенін айтты.

«Полиция айқындаған барлық аумақ толықтай зерттелді. Қазіргі уақытта полиция департаментіне іздеуді жалғастыру жөнінде жаңа хабарламалар немесе қосымша өтініштер түскен жоқ», – деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаменті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені хабарланған болатын. Отбасы мүшелері 2025 жылдың күзінде із-түссіз кеткен. Олар – 1959 жылы туған Мақсот Қарабалин, оның жұбайы 1961 жылы туған Насипа Өтешқалиева, сондай-ақ олардың балалары Мейрамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар