Көршілес ел Ресейде пойыз рельстен шығып, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
29 шілдеде Ресейдің Волгоград облысында жолаушылар пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті.
"Ресей темір жолдарының" ақпаратына сенсек, 140-қа жуық адам зардап шекті.Қаза болғандар жоқ, 55 адам ауруханаға жатқызылған.
Пойызда 800-ден аса адам болған.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі ақпарат құралдарына Ресейдегі пойыз апатынан зардап шеккендер арасында ел азаматтары жоқ деп хабарлады.