Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкенттік кәсіпкер есектерді сойып, базарға сатқан ба? (ВИДЕО)

14:19, 14 мамыр 2024 632

13 мамыр күні әлеуметтік желіде Шымкентте кәсіпкерлердің бірі сапалы ет жеткізу үшін іріктелген есектерді союға жібергені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Alash.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкенттік ер адам қала маңында сойылған малды сақтайтын тиісті орын жоқ екенін және ол жерде мүлдем тазалық сақталмағанын айтты.

“Ал енді міне қараңыздар. Мынау Құрсай жақта, көмір жақта қаншама есек жүр. Бұл есектер не істер жүр? Мынау жерден малдарға, яғни есектерге тамақтың қалдықтарын, жуындыны береді. Бәрін істеп қойған. Аурудың бәрі қайдан тарайды? Осы жерден тарайды. Қазір мұның ішінде бір ғана рефержуратор істеп тұр. Қазір участковый шақырдық, келсін. Одан бөлек 102-ге де хабарластық. Медициналық инспекция пен ветеринарная инспекциясын шақырып жатырмыз”, – деді қала тұрғыны.

Айта кетейік, рефрижератор – сойылған мал етін сақтайтын тоңазытқыш. 

Сонымен қатар оқырман есектің сирақтары мен ішектерін қала маңындағы шұңқырдан тауып алғанын айтты.

“Шұңқырдың ішінде сойылған есектердің қарны, ішектері, сирақтары жатыр. Міне, сіздерге дәлел. Бұдан қалды канализация сасып тұр. Өздеріңіз көріп тұрғандай мал сойылып жатыр. Кейбіреулер айғыр есектің қазысын жеп мәз болып жүрген шығар. Әй, құдайдан қорықпайтындар-ай!” – деді шымкенттік ер адам.

Шымкент әкімдігі оқиғаның Тұран ауданындағы Құрсай көшесі маңында болғанын растады.

“Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы, ауыл шаруашылығы және ветеринария департаменті қызметкерлерінің оқиға орнына комиссиялық бару барысында Шымкент ветеринариялық станциясы, Тұран ауданының жергілікті полиция қызметі тіркелмеген шаруа қожалығында 104 бас есек пен 36 бас уақ мал ұстайтынын анықтады (иесінің айтуы бойынша)”, – делінген хабарламада.

Видеоны мына жерден көре аласыздар

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар