Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкентте психикалық ауытқуы бар адамдардың автобус тізгіндегені анықталды

09:28, 27 шілде 2024 443

Шымкентте психикалық ауытқуына қарамастан қоғамдық көлік тізгіндеген жүргізушілер анықталды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Almaty.tv хабарлауынша, шаһарда психикалық диспансерде тіркеуде тұрса да, көлік тізгіндеуден қорықпаған мыңнан аса азамат қолға түсті. Ауытқушылығының барына қарамастан рөлге отырғандар жұртқа кесірін тигізіп те үлгергені хабарланды. 

– Сотқа талап-арыз беріліп, 200-ден астам адамның жүргізуші куәлігіне шектеу қойылды. Бұл кісілердің медициналық қарсы көрсетілімі бола тұра, жүргізуші куәлігін алуы қауіпті екенін атап өтеміз. 2023 жылы қадағалау актісі енгізілген. Сотта іс қаралып жатыр, – деді қалалық прокуратура басқармасының аға прокуроры Қали Бейсенов.

Прокуратураның дерегі бойынша, Шымкентте наркологиялық және психоневрологиялық есепте тұрған 10 автобус жүргізушісі анықталған. Сондай-ақ тексеру кезінде 7 азаматтың куәлігі қоғамдық көлік тізгіндеуге сәйкес келмейтіні белгілі болды. Ал Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарына «азаматтар куәлік аларда медициналық анықтамада мін болған жоқ» деп ақталды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар