Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкентте 18 жастағы жігіт жүрегін беріп донор болды

09:30, 25 шілде 2024 1096

Бүгін Шымкентте жүректі ауыстыру операциясы жүріп жатыр. Донор 18 жастағы азамат. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы жергілікті “Отырар”арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, донор жол апатынан зардап шегіп, ауруханада көз жұмды. Енді оның жүрегі басқа адамға ауыстырылады. 

Бейнежазбада жүректі трансплантациялау үшін арнайы қорапқа салып, алып жатқаны байқалады. Басқа ақпараттар анықталып жатыр.

Трансплантацияны Шымкент қалалық кардиологиялық орталығының дәрігерлері Сүйгенбаев Дархан, оператордың көмекшісі Балымов Жасарал және анестезиолог Перменов Бекжан жүргізеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар