Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкент әкімінің экс-орынбасары неден айыпты болды?

16:36, 19 наурыз 2024 547

Шымкен әкімінің экс-орынбасары Мақсұт Исаховқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында куәгер ретінде Шымкент қаласы ҰҚК басшысының экс-орынбасары М. Сарбасовтың сөзі тыңдалуда.

«Бізге «Старт Строй» өкілі келіп өзінің арызын жеткізді. Бұған дейін оның ісін Антикор бірнеше рет қабылдамаған екен. Сондықтан бізге келіп жүгінген. Кәсіпкердің арызын қабылдап алып, тиісті аппаратқа жібергенбіз. Ал Исаховпен жұмыс барысында бірнеше рет кездескенбіз. Ал соңғы кезде арадағы адамдар арқылы кездескенбіз», – дейді М. Сарбасов.

Көп сұрақтарға Сарбасов «есімде жоқ» деп жауап берді.

«Басында қағазға жазып, 100 мың ұсынды. Кейін 200 мыңға көбейді. Бірақ мен жемқорлыққа қарсы күресіп жүрген адаммын. Кейін рапорт бердік», - деді М. Сарбасов.

 

Еске салсақ, бұған дейін Мақсұт Исахов аса ірі көлемде М. Сарбасовқа пара бермек болды деген күдікке ілінген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар