Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Шикілігі бар… Ұят нәрсе!»: Рамазан Стамғазиев фонаграмма туралы заңды сынға алды (ВИДЕО)

19:19, 20 ақпан 2026

ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев фонаграмма туралы заңға қатысты өз ойын айтты, деп жазады Alash.kz.

«Фонаграммаға қатысты көп өзгерістер бола ма?» деп ойлаған едім. Бірақ, фонаграммаға қатысты заңымыздың шикілігі бар. Үлкен стадиондарда фонаграммамен айтсын. Телевизиялық бағдарламаларда дауыс таза шықсын, айтсын. Келісемін. Бірақ, жеке концерттерде фонаграммамен шығатын әншілеріміз шаш етектен. Жеке орындаушылар, тек әншілер емес, қобызды беліне байлап алып, фонаграммамен тартып тұратын қарындастарым, домбырамен өтірік жүргендер бар. Солардың барлығына ортақ бір заң керек еді. Басқа жерде орынлағанның бәрін тірідей айту керек деп. Сонда ғана біздің профессионалдық деңгейіміз өседі. Сонда ғана біз кішкене ортадан суырылып таза өнерпаз шығатын еді. Компьютермен бір әрпі қате орындасаң да өзгертіп береді. Қазір шығып жатқан ЖИ-мен де жасап алып өлең айтып жүр ғой. Соның бәрін талант деуге болмайды ғой. Керек десеңіз, әннің көзін де білмейтіндер бар. Белгілі ғой. Ұят нәрсе!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар