Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шетелдік басылымдар Атыраудағы трагедия күдіктілерінің қазіргі суреттерін жария етті (ФОТО)

16:28, 27 ақпан 2026

Индонезияның Ломбок аралында Атырау облысындағы ауыр қылмысқа қатысты іздеуде жүрген ер адам мен оның бұрынғы әйелі ұсталды. Шетелдік басылымдар күдікті Сұлтан Сәрсемалиев пен Ақбаян Мұқанғалиевтің ұсталу сәтінен суреттерді жария етті, деп хабарлайды Alash.kz.


Тергеу мәліметтеріне сәйкес, оқиға 2025 жылдың қараша айында Жангелді ауылында басталған. Сол уақытта ерлі-зайыптылар мен олардың балалары белгісіз жағдайда жоғалып кеткен болатын. Кейінірек іздестіру шаралары барысында ерлі-зайыптының мәйіттері табылып, оларды өлтірді деген күдікпен күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевке халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі таңда ұсталған ер адаммен бірге оның бұрынғы әйелі де күдікті ретінде танылып отыр. Құқық қорғау органдары күдіктілерді Қазақстанға экстрадициялау мәселесін қарастыруда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар