Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шетелден алсаң – салыққа дайын бол: Қазақстандықтар үшін онлайн сауда тәртібі өзгерді

18:03, 12 қаңтар 2026
Шетелдік маркетплейстерден 200 еуродан жоғары тауарға тапсырыс бергендер енді 5% кедендік баж салығын төлейтін болды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
 
Биылғы жылы сыртқы электрондық сауда бойынша ЕАЭО Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енеді.
 
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кеңесі шетелдік маркетплейстерден жеке тұлғалар сатып алатын тауарларды әкелу тәртібін айқындайтын бірқатар шешім қабылдады.
 
ЕЭК ресми сайтының мәліметіне сәйкес, бажсыз әкелу шегі 200 еуро көлемінде белгіленді (2026 жылғы 12 қаңтардағы ресми бағам бойынша 200 еуро шамамен 118 776 теңгеге тең).

Егер сатып алынған тауардың құны осы сомадан асса, ҚҚС мөлшерлемесінен бөлек 5% кедендік баж алынады, бірақ ол әр килограмм үшін кемінде 1 еуро болуы тиіс. Кейбір тауар түрлеріне, мысалы, автомобильдерге, арнайы кедендік баж мөлшерлемелері қолданылады.

Жаңа тәртіп 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар