Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Шет мемлекеттің адамдарына жер бермейміз» - Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды

17:04, 21 сәуір 2024 486

«Шет мемлекеттің адамдарына жер бермейміз». Бұл пікірді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды  түрік инвесторларымен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

"Шет мемлекеттің адамдарына жер бермейміз. Жер беруге болмайды",- деді Дархан Сатыбалды.

Белгілі болғандай, түрік инвесторлары Түркістан облысы, Шардары ауданында тамшылатып суару әдісін пайдалану арқылы жүгері егіп, өңірде зауыт салуға ниетті.  

Өз кезегінде аймақ басшысы мемлекеттен жан-жақты қолдау болатынын айтып, инвесторларға зауыт ашуда қойылатын басты талаптарды түсіндіріп,жергілікті тұрғындарға жаңа кәсіптің қыр-сырын үйретуге шақырды.

"Сіз, мысалы үшін келесіз. Жергілікті тұрғындарға жүгері қалай өсірілетінін үйретесіз. Жер осы Қазақстан азаматынікі болуы керек. Осы мақсатта келісім-шартқа отырасыздар. Қытай мемлекетінен мақта-тоқыма кластер жасауға келген. Оларға да айтқанбыз. Бізде жерді тек Қазақстан азаматы ғана ала алады. Олар келісті. Онда мемлекеттің балансында болсын деді. Біз әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына бердік. ӘКК сіздермен келісім-шартқа отырады. Сіздер біздің жергілікті халыққа жүгері егудің жолдарын үйретесіздер, шыққан өнімді сіздерге береді" - деді өз сөзінде облыс әкімі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар