Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Шет елдегі локациялары анықталған...": Жоғалған отбасыны іздестіру шаралары туралы тың ақпарат шықты (ВИДЕО)

16:00, 16 қаңтар 2026

Атыраудағы трагедияға басты күдікті деп танылған Сұлтан Сәрсемәлиев пен жары Ақбаян Мұқанғалиеваны халықаралық іздестіру шаралары туралы Атырау облысы Полиция департаменті мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.

Атырау облысы ПД ресми өкілі Мейірім Ердәулеттің мәлімдеуінше, ерлі-зайыптыны халықаралық іздестіру шараларындағы статусы нақтыланған.

Дәл қазір осы іс бойынша тағы екі адамға халықаралық іздеу жарияланды. Сары деңгей және қызыл деңгей. Біз Ақбаянды қазіргі таңда із-түссіз жоғалған тұлға ретінде іздеудеміз. Ал, күдіктіге қызыл деңгейде, яғни оны ұстаған кезде бірден құқық қорғау органдарына жеткізу бағытындағы халықаралық іздестіру, әлемнің қай жерінде болса да, жарыққа шыққан бойда ұстау әрекеттері жүргізіледі.

Басқа елге Өзбекстан арқылы шыққаны анықталды. Олар Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасынан өткен. Әрі қарай басқа елдердегі локациялардың барлығы анықталған қазіргі таңда халықаралық жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр. Оларды жақын арада ұстайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар