Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков журналист Аман Тасығанға сұхбат беріп, жан сырын ақтарды, деп жазады Alash.kz.
Нұртас Айдарбеков ұлының тығыз жұмыс кестесі туралы айтып, ата-ана ретіндегі жауапкершілігінің үлкен екенін жеткізді:
"Қайрат бір күнде екі рет ұшып, екі рет қонады екен. Шымкент пен Қостанайдың ортасына ұшақ жоқ. Алты ай бұрын шешесіне ақша түсіп қойған. Бүгін - Қостанай. Ертең - Шымкент. Ал, енді Қостанайдан пойызбен немесе көлікпен жетші. Жете алмайсың! Ұшақпен Астанаға қонады. Болмаса, Алматыға қонады. Қайтып, Шымкентке ұшады. Сонда, ол екі рет ұшып, екі рет қонады екен. Сосын ол той Жетісайда ғой. Кетті машинамен. Қайрат телесонын алмайды. Шынын айту керек. Ол қолына да ұстамайды. Қасында жүр ғой көмекшілері. Солдарға хабарласамыз. "Жеттің бе? Кірдің бе? Ана бала кірді ме? Ұйықтады ма? Шықты ма сахнаға?". Ұйықтамаймыз. Жеңешеңнің миының сымдарының көлемі үлкен-ау деймін. Қалай күйіп кетпей жүргенін... Таң қаламын. Тоқтамайды Гүлзира. Ойлайиыны - бала. Оның ішінде жол апаты да болып жатыр. Кімге айтасың оны? Аман қалып жатыр. Құдайдың көзі - түзу! Айтуға оңай... Жауапкершілігі өте көп болады екен. Шешесі де, мен де алаңдап ұйықтамаймыз".