Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шерзаттың анасының сотта берген жауабы мүлде ұйқаспайды: Бишімбиевадан тағы да жауап алынатын болды

13:30, 22 мамыр 2025 1813

Шерзат Полаттың өліміне байланысты іс бойынша адвокат жәбірленушіні сотқа қайта шақыруды сұрады, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Айыпталушы Дидар Қалиахметтің қорғаушысы Гүлмира Бишімбиеваны қайтадан сотқа шақыруды ұсынды.

Адвокаттың айтуынша, марқұм Шерзаттың анасы Бишімбиева беттестіру кезінде берген жауабы мен соттағы айтқандары арасында елеулі айырмашылық бар.

Осыған байланысты қорғаушы Әсел Баймұханова куәгерден қайыра жауап алу қажеттігін алға тартты.

«Бишімбиеваның беттестіру мен сот процесіндегі жауаптары бір-бірімен мүлде үйлеспейді. Сондықтан оны келесі отырысқа қайта шақырып, нақты жауап алу қажет деп санаймын», — деді қорғаушы.

Бұл ұсынысты айыпталушылар мен олардың қорғаушылары бір ауыздан қолдады. Мемлекеттік айыптаушылар тарапынан да қарсылық болған жоқ.

Жәбірленушілердің өкілі Гүлмира Бишімбиеваны келесі отырысқа жеткізуге барынша күш салатынын айтты. Ал судья бұл мәселені мемлекеттік айыптаушылардың қарауына берді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар