Шерзат ісі: жәбірленушілер айыпталушы тараптан қанша өтемақы талап етті? (Видео)
17:22, 29 мамыр 2025
Жоғары сот пен желі кадры
Марқұм Шерзат Болаттың отбасы күдіктілерден қанша теңге өндіруді сұрағаны белгілі болды, деп жазады Alash.KZ.
Адвокат Мейірман Шекеевтің сөзінше, біріншіден, Шынасыл Абзалдан Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына ұлының жерлеу рәсімімен қатысты жұмсалған шығынның өтемі ретінде 2 794 000 (екі миллион жеті жүз тоқсан төрт мың) теңге мөлшеріндегі соманы өндірілді.
Шынасыл Абзал Нұрғалиұлынан және Сакиев Равиль Магомедовичтен ортақтастырып үлестіріп, Нурумов Қаржаубай Полатовичтің, Бейшембиева Гүлбара Асылбековнаның, Қадырова Жұмабике Жолдасованың пайдасына қылмыстық құқықбұзушылықпен келтірілген моральдық зиянның өтемі ретінде 100 000 000 (жүз миллион) теңге мөлшеріндегі өтемақы өндіруді.
Ал Белқожаев Шыңғыс, Әскентай Дархан, Ильясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Азамат, Тоқтаубаев Нұрболат, Қалиахмет Дидардан ортақтастырып үлестік түрде Нурумов Қаржаубай Полатовичтің, Бейшембиева Гүлбара Асылбековнаның, Қадырова Жұмабике Жолдасованың пайдасына қылмыстық құқықбұзушылықпен келтірілген моральдық зиянның өтемі ретінде 120 000 000 (жүз жиырма миллион) теңге мөлшеріндегі өтемақы өндіруді сұрады.
Адвокаттың сөзінше, өтемақы мөлшері психологиялық зерттеу қорытындысының негізінде сұралып отыр.
Соңғы жаңалықтар
"Басқаша шешу мүмкін емес". Зеленский Путинмен неге кездескісі келетінін түсіндірді
19:53, 01 ақпан 2026
Атырауда жоғалған отбасы: Белгілі журналист ел естімеген тың деректі айтты (ВИДЕО)
19:26, 01 ақпан 2026
"Еңбекақымызды бермей жүр". Сәкен Майғазиев туралы тағы бір сұмдық дерек айтылды
18:01, 01 ақпан 2026