Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шерхан Қалмырзаның Шерхан Мұртазаға қандай қатысы бар: әкесі кім, қайда тұрады?

13:18, 02 қазан 2025 9

"Қайраттың" қақпашысы Шерхан Қалмырзаның туған жері, әкесі туралы ақпарат жарияланды, деп жазады Alash.KZ.

Сонымен, "Қайрат" тасбөгеті Шерхан Қалмырза қайда туған, әкесі кім? Футболшының жазушы Шерхан Мұртазаға қандай қатысы бар?

Белгілі журналист Оралхан Дәуіттің жазуынша, Шерхан Қалмырза Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған. Әкесі мен шешесі ертеректе ажырасып кеткен. 

Шерханның әкесі Елдар жастайынан бокспен айналысқан, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болған, белгілі журналист. Қазір Астанада тұратын көрінеді. 

"Футболшыға Шерхан есімінің берілуі де тегін емес", деп жазады жамбылдық журналист. Өйткені, Жуалы - Шерхан Мұртазаның туған жері. Демек, Мұртаза мен Қалмырзаның туысқандық, жерлестік жақындықтары бар деген сөз.

Футболшы Шерханға атасы жазушы Шерханның жолын болсын!    

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар