Банктердің борышкерлерге қоңырау шалу уақыты мен санына шектеу қойылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктердің берешегі бар клиенттерге телефон соғу тәртібі бекітілді. Енді қаржы ұйымдары борышкерлерді шексіз қоңыраулармен мазалай алмайды. Жаңа ережеге сай, жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейінгі аралықта ең көбі 3 рет, ал демалыс және мереке күндері белгіленген уақыт шеңберінде тек 2 рет қана хабарласуға рұқсат етіледі. Сондай-ақ банк қызметкерлеріне клиентке психологиялық қысым көрсетуге қатаң тыйым салынды. Байланыс кезінде оператор өзін және банкті таныстырып, негізгі қарыз мен өсімпұл көлемін нақты түсіндіруге міндетті.