Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Шектеу қою керек!” - Асхат Аймағамбетов бар қазақты қуантатын жаңа ұсыныс білдірді (ВИДЕО)

13:35, 12 қараша 2025 151

ҚР Парламент Мәжілісі депутаты, Әлеуметтік-мәдени комитет төрағасы Асхат Қанатұлы Аймағамбетов оқушылардың Instagram мен TikTok-қа кіруін шектеуді ұсынды, деп хабарлайды Alash.kz.

Мәжіліс депутаты балалардың әлеуметтік желілерге ерте жастан тіркеліп, кез келген контентті көретінін, мектепте TikTok-та сағаттап отыратынын айтып, ЖИ және Цифрлық даму министрлігінің осыған көзқарасы қандай екенін сұрады.

Қазақстанда бүгін TikTok пен Instagram желісін айтатын болсақ, 5-6 жаста ешқандай ата-ананың верификациясынсыз тіркелуге болады. Ал, басқа мемлекеттерді алатын болсақ, оларда осындай заң қабылданып жатыр. Мысалы, Данияда, Австралияда тіркелуге рұқсат жасы – 15-16 жас. АҚШ, Ұлыбритания, Ирландияда ата-ананың арнайы рұқсаты керек.

Аймағамбетовтің айтуынша, Қазақстанда да бірқатар алдыңғы қатарлы мектептер NIS, БИЛ, «Дарын» сабақ кезінде смартфон қолдануға шектеу қойғаннан кейін балалар белсендірек болып, бір-бірімен жиі тілдескен. Сабақ кезінде алаңдаушылық азайған.

– Белгілі бір контентті шектеу керек, бірақ дамуды тоқтатпау керек. Сонымен қатар, “Цифрлық кодексте” сабақ кезінде телефон ұстауға тыйым салу қарастырылып отырған жоқ. Министрліктің ұстанымы жастарды гаджеттерден шеттетпей, оларды технология мен жасанды интеллектіні дұрыс және тиімді пайдалануға үйрету, — дейді Жасанды интеллект және Цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар