Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Шекарадан заңсыз өткізіп келген» - Маңғыстауда шетелдік мигранттарға қызмет көрсеткендер әшкере болды

14:06, 23 қаңтар 2026

Маңғыстау облысында заңсыз көші-қон арнасын құрған қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Жаңаөзен қаласында жүргізілген арнайы жедел-тергеу шараларының нәтижесінде заңсыз әрекетпен айналысқан тұрақты топтың жолы кесілді.

Ұсталған азаматтар жақын шетелден келген мигранттарға мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектесіп, ол үшін ақшалай сыйақы алып отырған. Тінту жұмыстары кезінде күдіктілерден 500-ден астам нотариалды сенімхат, шетелдік төлқұжаттар, жалған құжаттар мен байланыс құралдары табылды.

«Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған тұрақты қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары осы қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтау үстінде. Министрлік көші-қон заңнамасын бұзған кез келген адамның жазасыз қалмайтынын тағы да ескертті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар