Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Шегіп алған”. Мәскеу әуежайында бейтаныс еркек 2 жастағы баланы еденге допша ұрып, ес-түссіз күйге түсірді

18:15, 25 маусым 2025 1176

Мәскеудегі Шереметьево әуежайында сұмдық жағдай болды. 31 жастағы ер адам екі жасар балаға шабуыл жасап, еденге жапырып, ауыр жарақаттап тастады. Қазір бала комада жатыр, ал күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Оқиға кеше кешке болған. 31 жастағы Владимир В. есімді азамат Кабулдан (Ауғанстан) Мәскеуге ұшып келген. Багажын күтіп тұрған сәтте ол қасындағы екі жасар баланы көтеріп алып, бар күшімен жерге лақтырып, еденге жапырмақ болған. Бала бірден есінен танып қалды.

Кейін дәрігерлер балада жабық бас-ми жарақаты, омыртқа мен бас сүйегі сынғанын анықтады. Қазіргі уақытта бүлдіршін ауыр жағдайда, ес-түссіз күйде жатыр.

Күдікті ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол есірткі қолданған. 

Ресей Тергеу комитеті аталған факті бойынша "Кәмелетке толмаған баланы өлтіруге оқталу" бабымен қылмыстық іс қозғады. Қазір істі Мәскеу облыстық тергеу комитеті қарап жатыр. Күдіктіге 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.

Жантүршігерлік шабуыл бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар