Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Ұлыбританияны ұтты

08 мамыр 2024 324

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Ұлыбритания құрамасымен бақ сынасып, жеңіске жетті. Жолдастық кездесу әлем чемпионатына дайындық аясында өтті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 5:2 есебімен басым түсті. Шабуылшы Никита Михайлис хет-триктің авторы атанды.

Ұлыбритания - Қазақстан 2:5 (1:0; 0:2; 1:3)

1:0 - Кирк (Холберт) - 05:40

1:1 - Михайлис (Савицкий, Гренц) - 28:16

1:2 - Михайлис (Орехов, Савицкий) - 31:54

1:3 - Шестаков (Старченко) - 42:35 ГБ

2:3 - Руопп (Кирк) - 45:23

2:4 - Старченко (Михайлис) - 47:59

2:5 - Михайлис (Старченко) - 59:27 ПВ

Қақпашылар: Уистл (Боунз 29:36 -60:00) - Шутов

Еске сала кетейік, ел құрамасы 10 сәуірден бастап елордада өтетін элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына дайындыққа кіріскен болатын.

Оқу-жаттығу жиынына шетелдік және отандық клубтарда ойын көрсететін хоккейшілер шақыру алған.

Қазақстандық хоккейшілер 2021 жылдан бері элиталық дивизионда ойын көрсетіп келеді.

Қазақстан құрамасы В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түседі.

Алғашқы ойынын Қазақстан құрамасы 11 мамырда Франция құрамасына қарсы өткізеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?