Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шавкаттың денсаулығында үлкен проблема болды: Бапкер бар шындықты айтты

17:06, 09 желтоқсан 2024 268

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров Иен Хәрримен шығар алдында Шавкат Рахмоновтың денсаулығында үлкен проблема болғанын ашық айтты, деп хабарлайдыAl Alash.kz Ulyssport.kz. сайтына сілтеме жасап. 

«Шавкаттың денсаулығында үлкен проблема болды»: бапкері айтылмаған жайтты жариялады

– Осы жекпе-жек алдында денсаулығына байланысты үлкен проблема болды. Біз ештеңе айтқан жоқпыз. Айқасқа шыға салдық. Біздің жағдайда UFC-дегі бірде-бір файтер шықпас еді, – дейді Базров жекпе-жектен кейін берген сұхбатында.

Базров бесінші раундта Шавкатты Иен қылқындыра бастаған кезде қатты уайымдағанын, алайда қазақ файтері оған қарсы төтеп бергенін мәлім етті.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иэн Гэрри арасындағы жекпе-жек бүгін UFC 310 турнирі аясында өтті.

Жекпе-жек 5 раундқа созылды, Рахмонов төрешілер шешімімен жеңімпаз деп танылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар