"DDM жарақат алды, ал Усман мен Колби қаламай тұр. Мен Леон мен Белал жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуге дайынмын", – деп жазды Рахмонов Twitter-де.
Естеріңізге салсақ, ағылшындық Леон Эдвардс (22-3) –жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы. Оның америкалық Белал Мұхаммедпен (23-3) жекпе-жегіне букмекерлік кеңсе келесі коэффициент ұсынады: спортшылар 28 шілдеде Манчестерде (Англия) өтетін 304-ші UFC турнирінің хедлайнері болады.