Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Шарты өзгерді». Маңызды! Зейнетақы жинағындағы қаражатты пайдалану жөнінде ел естімеген ақпарат шықты

20:12, 12 желтоқсан 2025

Бүгіннен бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағындағы қаражатты пластикалық операция жасатуға пайдалана алмайды. Мұндай өзгеріс туралы «Отбасы банк» ресми түрде хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Банктің мәліметінше, бұл шешім зейнетақы қаражатын мақсатсыз жұмсау қаупіне байланысты қабылданған. Осыған дейін көз және тіс емдеуге арналған өтініштер тоқтатылғаннан кейін тұрғындар пластикалық операцияға жаппай сұраныс бере бастаған.

Мәселен, желтоқсан айында пластикалық операцияға қатысты өтініш көлемі орташа айлық көрсеткіштен 130 есе өсіп, жалпы құны 1,8 млрд теңгеге жеткен.

Қазіргі тәртіп бойынша, тұрғындар зейнетақы жинағындағы «артық қаражатты» тек төмендегі медициналық қызметтерге ғана пайдалана алады:

  • Орфандық (сирек кездесетін) ауруларды емдеу;
  • Радионуклидті және радиойодты терапия;
  • Радиохирургиялық емдеу;
  • Протонды терапия.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар