Өскемен прокуратурасы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты үкім бойынша пікір білдірді. Бұл туралы YK-news.kz хабарлады, деп жазады Alash.kz.
"Сотталушы сыбайлас жемқорлыққа қатысты бірқатар қылмыс бойынша, атап айтқанда, қызметтік жағдайын пайдаланып алаяқтық жасау, сондай-ақ пара алу бойынша кінәлі деп танылды.
Бұл әрекеттер сыбайлас жемқорлық қылмыстары санатына жатады және мемлекеттік қызмет пен қоғамдық сенім негіздерін бұзады. Мемлекеттік айыптау тарабы жеделдетілген сот процесін ескере отырып, заңмен көзделген ең жоғары жазаны сұрады", - деп түсіндірді прокуратура.
Сот бұл ұстаныммен келісіп, толық жаза, яғни, сотталушыға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдарға рақымшылық жасау актілері және шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы нормалары қолданылмайды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ және іс бойынша тараптар шағымдана алады" - деп атап өтті ведомстводағылар.